Эпидемиялық маусым 1 қазаннан 1 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, биыл бюджет қаражаты есебінен 75 000 доза «Гриппол» екпесі сатып алынды. Оған 76 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер қаражаты есебінен «Қазцинк» пен «Тарбағатай Мұнай» компаниялары қызметкерлеріне арналған 1 040 доза вакцинаны сатып алу жоспарланған.
– 2026 жылғы 2 қазанда облыстық қоймаға тұмауға қарсы вакцинаның алғашқы 19 000 дозасы жеткізілді. «Вакцинация» ақпараттық жүйесіне көз жүгіртсек, 14 қазандағы жағдай бойынша облыста 11 598 адам тұмауға қарсы екпе алған. 13 қазанда вакцинаның екінші партиясы – 33 470 доза жеткізілді. Бұдан бөлек, алдағы уақытта тағы 22 530 доза вакцинаны жеткізу жоспарланып отыр, – ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.
Пікірлер