A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да тұмаумен сырқаттану 35,6%-ға төмендеді

Бүгін / ШҚО

Биыл өңірде жіті респираторлық вирустық инфекцияның 5419 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,6 %-ға аз. Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазинаның сөзінше, былтыр 8350 жағдай тіркелген.
– 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3010 жағдай тіркелді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 5096 жағдай болған. Соның ішінде бір жасқа дейінгі балалар арасында 89 жағдай анықталды. Жүкті әйелдер арасында ЖРВИ-дің 28 жағдайы тіркелді. Облыс ауруханаларына ЖРВИ диагнозымен 17 адам жатқызылды. Олардың үшеуі – бір жасқа дейінгі балалар. Пневмония диагнозымен 12 адам ауруханаға түсті. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 10 бала, соның ішінде бір жасқа дейінгі екі бала бар, – деді ол. 
Белгілі болғандай, басқа респираторлық вирустарды анықтау мақсатында барлығы 26 сынама зерттелді. Оның алтауынан вирустар анықталды. Атап айтқанда:
- риновирус – 3 жағдай;
- маусымдық коронавирус (hCoV) – 2 жағдай;
- аденовирус – 1 жағдай.
Мамандар тұрғындарға жедел респираторлық инфекциялардың алдын алу шараларын сақтауды, қолды жиі жууды, бөлмелерді тұрақты желдетіп, ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге уақтылы жүгінуді ұсынады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив