A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 18:00 0

Жұмыс істейтін әйелдерге әлеуметтік жәрдемақы төлене ме? – Депутаттың жауабы

Бүгін / Республика

Бұл туралы Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді. Ол 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін әлеуметтік жәрдемақылар саясаты туралы кеңінен түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, жұмыс істеп жүріп бала босанған әйелдерге 1,5 жасқа дейінгі декреттік төлем беріледі. Бұл жерде әйелдің мұқтаж немесе ауқатты екені маңызды саналмайды.

– Сіз жұмыс істеп жүрдіңіз, ай сайын барлық жарнаны төлеп тұрдыңыз. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сіздің бұған дейін алған жалақыңыздың 40 пайызын балаңыз бір жарым жасқа толғанға дейін төлей береді. 1 қаңтардан кейін де дүниеге бала әкелген "А" категориясында және "В" категориясындағы әйелдер де декреттік төлемді ала береді, – деп сөзін нақтылады Ләззат Қожахмет.

1 қаңтардан бастап жұмыс істемей баланы дүниеге әкелген әйелдердің мұқтаждық деңгейі қаралмақ.

– Егер оның отбасы мұқтаж болса ғана бұл төлемді алады. Егер мұқтаж болмаса, яғни әйел адам жұмысқа жарамды болып тұрса, денсаулығында кінәрат болмаса, яғни оның өмір сүруіне жеткілікті отбасында табысы бар деген сөз. Осы отбасына "А" және "Б" категориясына кіретін әйелдер бұл төлемді ала алмайды, – деді депутат.

Қазіргі кезде Қазақстанда осы декреттік төлемдерді алып отырған "A" және "B" санатына кіретін 11 мың әйел бар.

– Жыл сайын 200 мың, 300 мың бала дүниеге келсе, соның ішінде 11 мың әйел "A" және "B" санатына жатады. Сондықтан, жұмыс істеп жүрген әйелдер еш қауіптенбесе де болады. Алаңдамаңыздар! Өзіңіздің денсаулығыңызға және өмір сүруіңізге жеткілікті табыс тауып, содан кейін балаңызды дүниеге әкелетін болсаңыз, сізге мемлекет жан-жақты қолдау көрсетеді. Соңғы екі жылдағы табысыңыздың 40 пайызын декреттік төлем ретінде бала 1,5 жасқа толғанша ала аласыз, – деді Құрылтай депутаты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив