«Dauletten» қайырымдылық қоры 2026–2027 оқу жылына әлеуметтік қолдауды қажет ететін студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бағдарлама жоғары білім алуға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған. Грантқа Қазақстанның жоғары оқу орындарына 2026-2027 оқу жылында бірінші курсқа ақылы негізде қабылданған, ата-анасының бірінде I топтағы мүгедектігі бар студенттер үміткер бола алады.
Әр студентке берілетін грант мөлшері бір академиялық жылға арналған оқу ақысына сәйкес белгіленеді. Бір студентке көрсетілетін қаржылай қолдау көлемі 1 млн теңгеден аспайды.
Құжаттар 15 қарашаға дейін қабылданады. Қор мәліметінше, бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы жастардың жоғары білім алуына мүмкіндік беру және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.
Толық ақпарат пен өтініш беру тәртібі төмендегі сілтемеде:
https://dauletten.kz/zhobalar/bilim-beru-granttary
Пікірлер