A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:40 0

ШҚО-да қараша айы жылы болады

Бүгін / ШҚО / Басты

«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, айлық орташа ауа температурасы нормадан 2 градусқа жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қарашаның бірінші онкүндігі: айдың басында күн жылынады
Айдың алғашқы күндері ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады. Күндіз ауа температурасы +5…+10°C-қа дейін көтерілсе, түнде 0…+5°C шамасында болады. Ал өңірдің таулы аудандарында күн суығырақ болады.
Онкүндік ортасына қарай түнде біршама суытып, ауа температурасы -5…-10°C-қа дейін төмендейді. Күндізгі температура +3°C-тан аспайды. Онкүндіктің соңында күн қайтадан жылынады. 
Екінші онкүндік: қара суық өңменіңнен өтеді
Қарашаның екінші онкүндігінің басында суық температура түнде де, күндіз де сақталады деп болжанып отыр.
Күндіз ауа температурасы -2…-7°C, түнде -10…-15°C болады деп болжанды. Ал таулы аймақтарда суық -20°C-қа дейін күшеюі мүмкін. Онкүндік соңына қарай ауа райы сәл жылынады.
Үшінші онкүндік: қайтадан күн суытады
Қарашаның үшінші онкүндігі басында аязды ауа райы қайта орнайды. Күндіз ауа температурасы 0…-5°C аралығында болса, түнде -8…-13°C-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда  -18°C болуы мүмкін.
Айдың соңына қарай ауа температурасы біршама жоғарылайды.
Қарашада жауын-шашын мөлшері нормадан көп болуы мүмкін. «Қазгидромет» мәліметінше, ай бойы жаңбыр мен қар жауып, боран болуы мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив