A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:30 0

Алтай ауданында керлингтен облыс чемпионаты өтті

Бүгін / Алтай / Спорт

Республика күніне орай Алтай ауданында керлингтен Шығыс Қазақстан облысы чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жарыс ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің хоккей модулінде ұйымдастырылды.

Чемпионатқа 2007 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер, аралас командалар және аралас жұптар қатысады.

Жарыстың мақсаты – өңірде керлинг спортын дамыту, спортшылардың шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Республика күніне орай ұйымдастырылған спорттық іс-шара өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға, спортшылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тұрғындардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив