Оқиға демалыс күні Айыртау мен Каменка ауылдарының арасында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көлікті балшықтан ШҚО ТЖД мамандары алып шықты.
– Көлік қар мен балшыққа батып қалды. Оқиға орнына келген құтқарушылар тұрып қалған көлікті сүйреп шығарып, тасжолға шығарды, - делінген ресми мәліметте.
Көліктегі жолаушылар медициналық көмекке жүгінбеді.
Пікірлер