Ел қалаларындағы кино билеттерінің орташа бағасы жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең жоғары көрсеткіш Өскеменде тіркелген.
Статистикаға сәйкес, шаһарда кино билетін сатып алу орта есеппен 3261 теңгеге түседі. Екінші орында Атырау қаласы тұр. Мұнда билеттің құны – 2884 теңге. Ал Алматыда киноға бару үшін 2868 теңге жұмсау қажет.
Кино билеттері ең арзан қалалардың қатарында Семей бар. Мұнда орташа баға - 1678 теңге. Сондай-ақ Талдықорғанда билет құны 1876 теңге болса, Петропавлда 1887 теңге.
Айта кетейік, рейтингіге Қазақстанның 20 қаласы енгізілген.
Пікірлер