Облыс орталығында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орынды ластау және тыйым салынған жерлерде темекі шегу фактілері тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, әуежайдың вокзал маңындағы алаңында екі ер адам темекі тұқылын жерге тастаған. Ә.Қашаубаев көшесінде «Мерген» бейнебақылау жүйесі тағы бір осындай жағдайды тіркеді. Осы деректер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
- Әуежайдағы ұшып келген жолаушылар залының B терминалында тағы бір құқық бұзушылық анықталды. Әйел адам темекі шегуге тыйым салынған жерде электронды темекі пайдаланған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген полиция мәліметінде.
Пікірлер