Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Министрлік ақпаратынша, әуежай 1979 жылы салынып, 1980 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Оның асфальт-бетонды ұшып-қону жолағының ұзындығы 1502 метр, ені 35 метрді құрайды.
Былтыр онда 12 514 жолаушыға қызмет көрсетілді. Ұшақ негізінен Өскемен-Зайсан әуе бағыты бойынша қатынайды.
Ал жолаушылар терминалы сағатына 50 адамға қызмет көрсетеді, жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайды.
Сондай-ақ мекеме штатында 12 қызметкер бар.
Пікірлер