8 қарашада ҚР ҰҚК ШҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты Зайсан және Күршім аудандары бойынша Шекара басқармаларында «Күз –2026» әскери шақырылымының жас сарбаздары ант қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салтанатты іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің басшылығы, Зайсан және Күршім шекара басқармаларының командирлері, сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Биыл Астана, Шымкент қалаларынан және Алматы, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан келген 600-ден астам жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге серт берді.
Ант қабылдау рәсімі саптық алаңда салтанатты түрде өтті.
Әскери ант - бұл тек рәсім ғана емес, елге деген адалдықтың, патриоттық рух пен рухани беріктіктің айқын көрінісі. Ант қабылдаған жас сарбаздар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау жолындағы жауапты қызметке қадам басты.
Пікірлер