A+ A A-

talgatzhan 57 26-11-2024, 15:45 0

Өскеменде Зайсан ауданының мәдени күндері өтеді

Бүгін / Зайсан

29-30 қараша аралығында облыс орталығында «Заңғар Зайсан шақырады!» атты Зайсан ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы ретте қала тұрғындары мен қонақтары бірнеше ауқымды іс-шараға қатыса алады. 
29 қараша сағат 10:00-11:00 - «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі және «Зайсан» технология колледжі арасында кәсіптік маман даярлау бағытында шеберлік сағаты;
29 қараша сағат 10:00-11:00 - Жеңістің 80 жылдығы мен КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтың 100 жылдығы қарсаңында Қ.Нұрғалиев атындағы заң колледжінде зайсандық әуесқой ақын, сазгер Мәрияш Блеушованың шығармашылығы туралы студенттер арасында мәдени-рухани кеш;
29 қараша сағат 10:00-11:00 - «Дарабоз» спорт клубында дзюдодан зайсандық спортшылармен шеберлік сағаты;
29 қараша күні сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында зайсандық өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт өтеді. Сондай-ақ көрмеде ауданның ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдері, тарихи жәдігерлері, қолөнер шеберлері, зергерлері мен суретшілерінің туындылары ұсынылады. 
30 қараша сағат 09:00-16:00 аралығында «Алтай» сауда орталығы алаңында Зайсан ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Онда  қала тұрғындары мен қонақтары көркемөнерпаздардың концертін, спорттық сайыстар мен «Зайсан бауырсағынан дәм татыңыздар!» шарасын тамашалай алады. 
30 қараша сағат 10:00-14:00 - Зайсан атындағы көше тұрғындарына арналған «Ауыл дәмі тамаша!» атты ауылшаруашылық жәрмеңкесі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив