Марқакөл ауданындағы Қалжыр өзенінде су электр стансасын салу бойынша ауқымды жоба басталмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қуаты 16 МВт болатын су электр станциясының құрылысы бойынша өткен аукционда «KALZHYR RIVER ENERGY» ЖШС жеңімпаз атанды.
Жаңа нысан елдің энергетикалық қауіпсіздігіне үлес қосып, жүздеген жұмыс орнын ашуға себеп болады.
Айта кетейік, Қалжыр өзеніндегі су электр станциясы облыстағы бесінші жоба саналады.
Пікірлер