Белгілі болғандай, қаңтар-қыркүйек айларында қала тұрғындарының орташа жалақасы 442 881 теңгені құрады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 14,51%-ға артық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған көрсеткіш облыс бойынша бірінші орында тұр. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан тұрғындарының орташа жалақысы 368 064 теңгені құрайды.
- Еңбекақы қоры өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға өсті. 1 қарашадағы жағдай бойынша қалада 1206 жұмыссыз адам тіркелген. Өтініш білдірген 2300 адамның 1405-і жұмыспен қамтылып, бұл көрсеткіші 61%-ға жетті. Сондай-ақ 1824 жаңа жұмыс орны ашылды, - деді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Болат Ақұжанов.
Пікірлер