A+ A A-

talgatzhan 40 23-12-2024, 13:35 0

Риддердегі жарылыстан жарақат алған 6 адамның жағдайы қалай

Бүгін / Риддер

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер жылу электр орталығындағы жарылыстан зардап шеккен 6 адам ауруханада емделіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, барлық 6 адам да травматология бөліміне жатқызылған. Олардың үшеуі Өскеменге жеткізілсе, қалғаны Риддерде дәрігерлердің бақылауында. 

- Риддер ауруханасында жатқан науқастар 23 желтоқсанда жансақтау бөлімінен жалпы палатаға, яғни травматология бөліміне ауыстырылды. Өскеменге жеткізілген зардап шеккендер де травматология бөліміне жатқызылды. Оларға медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Жағдайлары орташа ауыр. Бірақ бұрынғыға қарағанда жақсарып келеді, - делінген ақпаратта. 

Еске салсақ, осыған дейін Риддер жылу орталығында газ-ауа қоспасы жарылып, 6 адам зардап шеккені хабарланған. 

Зардап шеккен 3 адам сол күні Өскеменге жеткізілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив