«Өскемен-Риддер» республикалық маңызы бар тасжолдың ұзындығы 105 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, «Өскемен-Тарханка-Топиха-Черемшанка» бағытындағы жаңа тасжолдың жобасы әзірленіп қойды. ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдері Риддерге дейінгі қашықтық 43 шақырымға қысқарып, бір сағатта жетуге болады дейді. Жаңа жолдың жалпы ұзындығы – 62 шақырымды, ал қайта жөнделген бөлігі – 14,5 шақырымды құрамақ.
Дегенмен жол құрылысының қашан басталатыны әзірге белгісіз.
– Жоба әзірленді, қалпына келтіру құны 38,3 миллиард теңгені құрайды. Құрылыс ұзақтығы 21 айға созылмақ. Мердігер – «Kurylys Group RK» ЖШС. Бюджеттік қаражат тапшылығынан жұмыс әлі басталмады, – деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар.
Пікірлер