Риддер қаласында полицияның жедел басқару орталығы ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа нысан қаланың маңызды аймақтарындағы жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін 120 бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Сондай-ақ жол қауіпсіздігін жақсарту үшін 10 стационарлық жылдамдық өлшегіш орнатылды. Бұдан былай жол ережелеріндегі бұзушылықтарды тіркеу кезінде "Ekin Patrol G2" мобильді кешені пайдаланылмақ.
Орталықтың басты қызметі сол, құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау.
Пікірлер