Мұндай ниетті «KALJYR RIVER ENERGY» ЖШС білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жоспарға сай Марқакөл ауданындағы Қалжыр өзенінде шағын гидроэлектр станциясы пайда болады.
- Бұл бастама жергілікті кәсіпорындарды сенімді әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қалжыр өзенінде ГЭС салу аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл кәсіпорындардың және басқа да ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуіне, экономиканың дамуына ықпал етеді, - деді әкімдіктегілер.
Фотосурет: inbuisness
Пікірлер