Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 6 адам көз жұмған қауіпті жолда тәулік бойы полицейлер кезекшілік етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» тасжолымен жаз кезінде тәулігіне 20 мыңға жуық көлік жүреді.
Осы жылдың 8 айында тасжолда 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 6 адам қаза болып, 40-тан астам адам жарақат алды.
«Сондықтан жолдың Алтай ауданы Серебрянск кентіне бұрылыс тұсына тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеті ашылды. Бұндағы мақсат – жолдың қауіпті учаскесінде апатты жағдайларды азайту», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта бекетте полицейлер кезекшілік етуде.
Пікірлер