A+ A A-

talgatzhan 30 17-01-2025, 11:50 0

Риддерде есірткі таратқан жас ана ұсталды

Бүгін / Риддер / Қылмыс

Жедел іздестіру шаралары барысында 1990 жылы туған әйелдің синтетикалық есірткі таратумен айналысқаны анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, ол былтыр желтоқсанда кәмелетке толмаған баласымен бірге басқа облыстан келген. 

Күдікті есірткіні алдын ала ойластырылған схема бойынша сатып отырды. Кураторлар тауарды жасырын орындарда қалдырып отырған. Әйел оны әрі қарай таратқан.

Жеке тінту жүргізіліп, ұнтақ тәрізді 80 орама тәркілегенді. Сараптама нәтижесінде оның аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заты екені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив