A+ A A-

talgatzhan 31 27-01-2025, 12:10 0

Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарына автобус жүретін болады

Бүгін / Марқакол / Катонқарағай

2025 жылы өңір ішіндегі бағыттарды субсидиялауға облыстық бюджеттен 600 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

-Қазір жаңадан құрылған Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарына автобус қатынамайды. Берел мен Катонға қатынайтын автобустар Үлкен Нарын арқылы өтеді. Бірақ жаңадан бой көтерген аудандарға арнайы бағыт ашу жоспарда бар, - дейді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Оның айтуынша, жаңа бағыттардың жұмысын қамтамасыз ету үшін қаржы бөлінбек.

-Біз облысішілік маршруттарды субсидиялай бастадық. Былтыр субсидия көлемі 400 миллион теңгеге жуық болса, биыл 600 миллион теңгені құрап отыр. Тасымалдаушыларды толықтай субсидиямен қамтамасыз етеміз, - деді басқарма басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив