4 шағын аудандағы көпқабатты тұрғын үйде орналасқан азық-түлік дүкені отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрттің шығу себебі - электр розеткасындағы қысқа тұйықталу.
Оқиға орнына келген құтқарушылар 6 адамды, оның ішінде 1 баланы баспалдақпен эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Осы ретте ТЖМ мамандары электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Пікірлер