Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтай ауданының полицейлері құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.
Тәртіп сақшылары 46 жастағы азаматтың үйін шұғыл тінту барысында қора ішінен салмағы 15 келіден асатын кептірілген марихуана мен салмағы 3 келіден асатын қарасора өсімдігін тауып, тәркіледі.
Барлық заттай дәлелдер зертханалық сараптамаға жіберіліп, оның есірткі заты екені расталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, шығысқазақстандық полицейлер есірткі тарату арналарын анықтау және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда.
Пікірлер