A+ A A-

talgatzhan 33 20-02-2025, 16:00 0

Өскеменде Қазақстанның 50-ден астам ғалымдары жиналды

Бүгін / Өскемен

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Казцинк» ЖШС және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының тау-кен өндіруші кәсіпорындарының ғылыми-технологиялық дамуы» атты ғылыми-технологиялық сессиясы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиында Қазақтанның 50-ден астам ғалымдары, алып өнеркәсіп ошақтарының сапаршылары және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының» өкілдері жиналды. Хакатон екі күнге жалғасады. Бұл күндері қатысушылар өнеркәсіп жұмысын жақсартатын өзекті технологиялық бастамаларды талдайды.

- «Казцинк» компаниясы үшін технологиялық даму әрдайым басты назарда. Технологиясыз жаңа әрі жемісті бастамалар жасау мүмкін емес. Кәсіпорынның өзінде техникалық-зерттеру орталығы бар. Бүгінгі шара «Казцинк» ЖШС ғылыми қоғаммен қашанда тығыз байланыста екенін көрсетеді.  Ғылыми-технологиялық сессиясының біз үшін маңызы зор. Себебі осында жүрген ғалымдар мен өнертапқыштардың әр айтқан бастамалары өнеркәсіптің алдағы жұмыс жоспарына әсер етпек. Мәселен, өнеркәсіптерден шығатын қалдықтарды реттеуге, кеннен түрлі металлдарды тиімді игеруге, ауаны ластайтын зиянды заттардан арылуға көмек көрсетеді деген сенімдеміз, - дейді компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев.
Сессияның негізгі мақсаты – ғылым мен өнеркәсіптің байланысын арттыру. Хакатон нәтижесі бойынша үздік деп танылған 5 ғылыми жоба өнеркәсіпте тәжірибеде қолданылады.

- Бұл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлінің және «Казцинк» компаниясының ұйымдастыруымен өткізілген тоғызыншы ғылыми-технологиялық сессия. Хакатонда жиналған ғалымдар өнеркәсіп орталығындағы өзекті мәселелерді талқылап, оны шешуге бағытталған ғылыми жобаларын ұсынады. Ғылым және жоғары білім министрлі аталған сессия барысында үздік жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсететін болады. Ал компания тарапынан қосымша қаржылық қолдау көрсетіледі, - деді "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алия Сембаева.

Бүгінгі жиында еліміздегі ең үздік жоғарғы оқу орындарының профессорлары, ғалымдары, сарапшылары бас қосты. Ғалымдардың сессияда ұсынған жобалары жаңа бастамаларға негізделген. Олардың ішінде өнеркәсіп үшін ең өзекті мәселені шешетін – концентраттардың сапасын арттыратуға, өндірі қалдықтарын ұтымды пайдалануға, жаңа тауар өнімдерін жасауға бағытталған түрлері бар.

Дидар ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив