Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қала басшысы Алмат Ақышов қаладағы қар тазалау жұмыстарын сынға алып, тұрғындардың шағымдары негізсіз емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, биыл көше мен жаяу жүргіншілер жолдары жеткілікті деңгдейде тазаланбауда. Әкім қысқы заманауи техниканы енгізу қажеттігін ерекше атап өтті.
- Қарды тек жол жиегіне ысырып қана қоймай, бірден шығару керек. Біз үшін қар тазалау ғана емес, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету де маңызды, – деді Алмат Ақышов.
Сондай-ақ ол жауапты қызметтерге мердігер ұйымдардың жұмысын қатаң бақылауды күшейтуді және қар тазалау бойынша тиімді алгоритм әзірлеуді тапсырды.
Пікірлер