A+ A A-

talgatzhan 32 13-03-2025, 12:00 0

ШҚО-да «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Бүгін / ШҚО

13-15 наурызда өңірде әкімшілік айыппұл төлеу міндеттемелерін орындамаған азаматтарды анықтауға бағытталған республикалық «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс жолдарында полиция қызметкерлерінің, прокуратура өкілдерінің, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен рейдтер өтуде.

ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес құқық бұзушылар әкімшілік хаттама толтырылған күннен бастап 7 күн ішінде айыппұлдың 50%-ын төлеуге мүмкіндігі бар. Мерзімі өтіп кеткен жағдайда толық соманы ерікті түрде өтеу үшін 30 күн беріледі немесе айыппұл мәжбүрлі түрде өндіріледі. 

ШҚО Полиция департаменті азаматтарды заңнаманы сақтауға және әкімшілік міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив