A+ A A-

talgatzhan 39 12-06-2025, 14:50 0

ШҚО-да «Altay Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтеді

Бүгін / ШҚО

9 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, басқа да салалар бойынша өңірдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстыру шарасын ұйымдастыру жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

«Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвестицияларды ел экономикасына тарту жұмыстарын жандандырудың маңыздылығын атап өтті. 
Аталған шара 10 қыркүйекте Өскеменде ұйымдастырылатын «Altay Invest» халықаралық инвестициялық форумына серпін береді деп күтілуде. 
- Форумның басты мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шетелдік серіктестермен жаңа іскерлік әрі инвестициялық байланыстар орнату, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Оның айтуынша, өңірде басым салаларға инвестиция тарту үшін тұрақты түрде қолайлы жағдайлар жасалып, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив