A+ A A-

talgatzhan 43 25-06-2025, 12:45 0

Катонқарағай ауданында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 419,5 млн теңгені құрады

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дүйсенбаев айтуынша, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инвестиция тарту, туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
- Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 419,5 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115,9%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 223,7 млн теңгеге, ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 3 млрд 971,5 млн теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігі мал шаруашылығына тиесілі, - деді Данияр Дүйсенбаев .

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив