A+ A A-

talgatzhan 29 22-08-2025, 11:00 0

Марқакөл ауданында суқұзғындардың саны артты

Бүгін / Марқакол

18–20 тамыз күндері Марқакөл қорығының қызметкерлері көл акваториясында үлкен суқұзғындардың есебін жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Есепке қорық инспекторы Николай Краснопеев, ғылыми бөлім қызметкерлері Айым Оралғазина мен Ақнұр Дүйсіпова қатысты.

Шілденің соңғы күндеріндегі ауа райы бұлтты әрі желді болды. Таңертең олар қорық айлағынан моторлы қайықпен шығып, көлдің айналасындағы бүкіл жағалауды бойлай жүріп өтті.

Суқұзғын тұқымдасына жататын құстар әртүрлі континенттер мен аралдардың, теңіз жағалауларында, өзендер мен көлдердің жағасында және сулы-батпақты жерлерде мекендейді. Марқакөлде бірнеше жылдан бері қаздың көлеміндей үлкен суқұзғындар өмір сүріп келеді. Түсі күлгін-жасыл, қара жүнінде металл түсті жылтыр бар, тұмсығы ілмек тәрізді ұзын болып келеді.

Үлкен суқұзғын негізінен балықпен қоректенеді, сондықтан ол Марқакөлдің балық популяциясына айтарлықтай әсер етеді. Көлдегі баклан саны әр жылдары әртүрлі болады. Соңғы есеп нәтижелері бойынша олардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артып, шамамен үш мыңға жуықтады. Бұл – үш есе көп көрсеткіш.

Шоғырланған топтар әртүрлі жерлерде кездескенімен, олардың негізгі ұя салатын аумақтары – Черепанова омартасы мен Губа учаскелері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив