ҚМА ШҚО бойынша департаменті ҰҚКД бірлесіп, Самар ауданындағы “Кеңқарын” учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану мен бағалы металдарды заңсыз өндірудің жолын кесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күдіктілер жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау заңнамасын бұзып, екі жыл бойы лицензиясыз Құлынжон өзенінің арнасын өзгертіп, заңсыз алтын өндірумен айналысқан.
Заңсыз әрекеттен табиғатқа келтірілген шығын 82 млн теңгеден асты.
Оқиға орнын тексеру кезінде ауыр мамандандырылған техникалар мен өндірістік құрал-жабдықтар тәркіленді.
Ұйымдастырушы екі айға қамауға алынды.
Қазір тергеу жалғасып жатыр.
Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес құпия сақталады.
Пікірлер