Глубокое ауданының спортшысы Аяш Қабдоллаева 31 қазан-4 қараша аралығында Оңтүстік Кореяда дәстүрлі садақ атудан өткен Әлем кубогінде жамбы нысанасы бойынша жеке есепте 1 орын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ульсандағы Әлем кубогіне 32 мемлекеттен 537 спортшы қатысты. Қазақстан намысын 34 спортшы қорғады.
- Аяш Қабдоллаева жоғары деңгейдегі шеберлігі мен ерік-жігерін көрсетті. Бұл жеңіс оның күнделікті еңбегінің, табандылығының және спортқа деген шексіз сүйіспеншілігінің нәтижесі. Оны шын жүректен құттықтай отырып, табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз, - делінген Глубокое ауданы әкімдігінің мәліметінде.
Пікірлер