A+ A A-

talgatzhan 29 14-10-2024, 09:13 0

Зайсанда 600 тонна шөп өртеніп кетті

Бүгін / Зайсан

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 600 тонна шөп отқа оранған. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны белгісіз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданы Мұқашы ауылында жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бума шөп өртенген. 

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылының арқасында қызыл жалынның басқа аумаққа таралуына жол берілмеді. Көп ұзамай тілсіз жау оқшауланды. 

«Өрт көрші құрылыстар мен шаруашылық қора-жайға таралған жоқ. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. 

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да егін жинау кезінде комбайн отқа оранғаны хабарланған. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив