Облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім!» жобасы аясында Марқакөл ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
21 қараша күні сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында (Протозанов көшесі, 43) аудан қолөнершілері мен ауылшаруашылық өнімдерінің көрмелерін тамашалауға болады. Сағат 18:00-де көрермен залында аудан әртістері мен шығармашылық ұжымдарының концерті басталады.
Ал 22 қараша күні сағат 08:00-ден бастап «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы алаңында (Жібек жолы даңғылы, 44) Марқакөл ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Пікірлер