
Қазақстанның кең байтақ аумағы алуан түрлі өсімдіктерге бай болғанымен, соңғы жылдары елдің табиғи флорасына төнген қауіп күшейіп келеді. Қазіргі кезде өсімдіктер дүниесін қорғау – тек экологиялық емес, ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі мәселеге айналды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы өсімдіктер дүниесін қорғау және олардың биоалуандығын сақтау мәселелері бойынша Сенатта өткен дөңгелек үстелде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеді.
Биологиялық әртүрліліктің жойылуы – қазіргі заманның маңызды жаһандық сын-қатерлерінің бірі. Қазақстан кең байтақ құрғақ аумақтарға ие бола отырып, өсімдіктер дүниесін қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану мәселелеріне баса назар аударады. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі 6 мыңнан астам тамырлы өсімдік түрін, 2 000 балдырды, 3 000 саңырауқұлақты және 500 қынаны қамтиды.
- Оның ішінде 1,4 мыңға жуық түрі дәрілік өсімдіктер болып саналады. 230 түрі ресми медицинада танылған. 387 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, 108 түрі реликті өсімдіктер, сондай - ақ 700 эндемикалық өсімдік түрлері бар, - деп атап өтті вице-министр.
Айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстаннан экспортталатын дәрілік өсімдіктердің тізіміне 20-дан аса түр кіреді. Оларға жоңышқа, ферула, цистанхе, арнебия красящая, Түркістан сабынтамыры және басқа да өсімдіктер жатады.
- Айта кетерлігі, 2024–2025 жылдары көлемі 14,3 мың тонна жоңышқа тамырын шығару рұқсат берілді. Бұрын нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіздігі, сондай-ақ бөтен өсімдік түрлерінің бақылаусыз әкелінуі мен өсімдік ресурстарын рұқсатсыз пайдалану табиғи флораға елеулі зиян келтірді, - деді Нұркен Шәрбиев.
Вице-министрдің пайымдауынша, табиғи байлықтың бір бөлігі күн санап азайып барады.
- Қазірдің өзінде Қазақстанның Қызыл кітабына 387 өсімдік түрі енгізілген. Дәрілік өсімдіктерге сұраныс артып, табиғи популяция азайып жатыр. Соңғы жылдары Қазақстаннан экспортталатын дәрілік шөптерге сұраныс күрт өсті, - деді вице-министр.
Осы себепті 2023 жылы «Өсімдіктер дүниесі туралы» жаңа заң қабылданып, өсімдіктерді пайдалану тәртібі қайта қаралған.
Заңға сәйкес:
өсімдіктерді жалпы (тегін) және арнайы (коммерциялық) пайдалану ажыратылды;
жергілікті атқарушы органдарға өсімдіктерді инвентаризациялау, лимит бекіту, қажет жағдайда пайдалануды шектеу құзыреті берілді;
жасыл желектерді күтіп-баптау бойынша жаңа талаптар енгізілді.
Алайда бұл жұмыстың өңірлерде біркелкі орындалмай жатқаны байқалады.
- Осыған байланысты, елді көгалдандыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау мақсатында, өсімдіктер дүниесінің популяциясын сақтау және қорғау мақсатында төмендегі ұсыныстарды ұсынамыз, - деді Нұркен Шәрбиев.
Көгалдандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органды айқындау мәселесін қарастыру;
Жергілікті атқарушы органдарға бейімделген ағаш отырғызу материалын өсіру үшін питомниктер құру тапсырмасын беру;
Елді мекендердегі ағаштарды заңсыз кесілуіне, жасыл желектердің күтіп-бапталуына, дәрілік өсімдіктердің популяциясының сақталуына бақылауды күшейту;
Жасыл екпелерді санау және жай-күйін бақылаудың ақпараттық жүйесін енгізу.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы
Руханият
Жұлдыз жорамал
Пікірлер