A+ A A-

talgatzhan 58 Бүгін, 15:05 0

ШҚО-да донорларға 70 мың теңгелік сертификаттар табысталды

Бүгін / ШҚО

Дүниежүзілік донор күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында қан тапсыру қозғалысына белсенді қатысып жүрген донорларды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық қан орталығының донорды қолдау және ішкі бақылау қызметі басшысы Гүлдар Матаеваның айтуынша, өңірде донорлық қозғалысты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

– Донорлық қозғалысты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 16 ақпаннан бастап «ШҚО тұрғындарының салауатты өмір салтын өтеусіз қан донорлығы мен оның компоненттерін дамыту арқылы қалыптастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүзеге асырылуда. Жоба облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады және оны Өскемен қалалық «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігі іске асыруда, – деді ол.

Жоба аясында қан және оның компоненттерін өтеусіз тапсыратын донорларға қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, қан мен плазма тапсырған азаматтарға 3100 теңге, ал тромбоцит тапсырғандарға 5000 теңге көлемінде төлем қарастырылған.

Сонымен қатар биыл облыстық қан орталығында алғаш рет жүзеге асырылып отырған ерекше жоба аясында донорлық қозғалысты дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды.

– Донор күніне орай бүгін қан мен оның компоненттерін 40 реттен астам өтеусіз тапсырған ерекше донорларды құрметтеп отырмыз. Биыл облыстық қан орталығында алғаш рет жүзеге асырылып отырған бірегей жоба аясында донорлық қозғалысқа қосқан зор үлесі үшін 31 донорға 70 мың теңге көлеміндегі сертификаттар табысталады, – деді Гүлдар Матаева.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив