Әйелдер арасындағы ҚР Ұлттық лигасы чемпионатының үшінші турының қорытындысы бойынша шығысқазақстандық «BEREL» волейбол клубы турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақтөбе қаласында өткен үшінші турда жерлестеріміз жоғары ойын деңгейін көрсетіп, «Ақтөбе» клубымен өткізген екі кездесуде де жеңіске жетті.
Екі ойын да «BEREL» командасының 3:0 есебіндегі басымдығымен аяқталды.
Үш турдың қорытындысы бойынша «BEREL» турнир кестесінің бірінші сатысына жайғасты.
Алда команданы жаңа кездесулер күтіп тұр. Шығысқазақстандық волейболшылар Ұлттық лигадағы жоғары орындар үшін күресті жалғастырады.
Пікірлер