453.64 508.17 5.59
A+ A A-

ШҚО-да қытайлық компания айыппұл арқаласа да, шахта суын өзенге ағызып жатыр

ШҚО-да қытайлық компания айыппұл арқаласа да, шахта суын өзенге ағызып жатыр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Глубокое ауданына қарасты Верхнеберезовка кенті тұрғындары дабыл қағып, жауапты органдардан мәселені шешуді талап етуде. Дегенмен олардың шағымына әзірге нақты жауап жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Hronika.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті жұрт «Dengbo Success Minerals Ltd» компаниясы шахта суын Березовка өзеніне ағызуды жалғастырып жатқанын айтып, шағымданған. Олардың сөзінше, бұған дейін экологтар нысанға барып, бірнеше айыппұл салды. Сондай-ақ кәсіпорынға экологиялық рұқсат алғанша су ағызуға тыйым салынған болатын. Дегенмен компанияның әлі күнге дейін тиісті рұқсаты жоқ болса да шахта суы өзенге ағызылып жатыр.
Тұрғындар болған жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялауда. Енді олар Президенттен көмек сұрап отыр. Ал облыстық Экология департаменті әзірге тұрғындардың бұл мәлімдемесін растамады да, жоққа да шығарған жоқ.
Еске салайық, «Ново-Березовское» кен орнында жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Экология департаменті өкілдері нысанда іске қосу және баптау жұмыстары жүргізілгенін анықтаған. Аталған жұмыстар барысында шахтадағы су насос арқылы өзенге ағызылған. Зертханалық зерттеулер су мен топырақ құрамында ластаушы заттар мөлшері жоғары екенін көрсетті.
– Бүгінде кәсіпорында экологиялық рұқсат жоқ, – деген болатын Экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің басшысы Фархад Қанасилов мұның алдында.
Осыған байланысты компания ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328, 331, 337 және 358-баптары бойынша жауапкершілікке тартылып, іс материалдары сотқа жолданды.
Айта кетейік, қытайлық инвестордың бұл жобасы туралы өткенде де жазған едік. Ол кезде компания консервацияланған шахтадан шамамен 90 мың текше метр суды сорып шығаруды жоспарлаған. Алайда Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов суды ағызу жұмыстарына әлі ерте екенін, әзірге тек жоспарланған қызмет туралы өтініш берілгенін айтқан болатын.
Жуырда Өскеменде өткен брифингіде облыстық Экология департаменті басшысы Әсет Сүлейменов жыл басталғалы өңірде экологиялық заңнама талаптарының 122 рет бұзылғанын мәлімдеді. Басшының айтуынша, салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 371,5 миллион теңгеден асты. Дегенмен департамент басшысы «Казцинк» ЖШС мен «Шығыс Жылу» АҚ-ның жұмысына қатысты жүргізілген шараларға егжей-тегжейлі тоқталғанымен, «Dengbo Success Minerals Ltd» компаниясының жағдайына түсініктеме бермеді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив