Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, облыс орталығындағы тұрғын үйлердің аулаларында алкогольдік ішімдіктерді ішуге қатысты екі дерек тіркелді. Оның бірі Астана көшесінде, екіншісі Оралхан Бөкей көшесінде болды. Екі оқиға бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
- Астана көшесінде тағы бір құқық бұзушылық тіркелді. Ер адам пластик стаканды жерге тастап, қоғамдық аумақты ластады. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігінде көзделген абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін оған ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды, - делінген ресми ақпартта.
Пікірлер