Облыс орталығындағы “Қайың тоғайы” экосаябағының аумағында биылға жоспарланған жұмыстар аяқталуға жақын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұнда автортұрақ, тротуарлар пен архитектуралық нысандар пайда болды. Жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
- Әткеншектер, орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнатып, экологиялық таза материалдардан жасалған жолдар салдық. Барлық жұмысты келесі аптаның бейсенбісіне дейін аяқтаймыз, - деді “VK Development Group” компаниясының бригадирі Бақдәулет Қадыров.
Қаржыландыру болса, жұмыстың екінші кезеңі 2027 жылы жүргізіледі деп жоспарлануда.
Пікірлер