4 қараша күні «Қазтелерадио» профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Сағат 03:00–ден 17:00–ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) ел аумағында спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтік телевизия мен радио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта хабар таратудың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет.
Пікірлер