453.64 508.17 5.59
A+ A A-

ҰБТ: шығармашылық мамандыққа түсетіндерге маңызды 5 талап

ҰБТ: шығармашылық мамандыққа түсетіндерге маңызды 5 талап [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

ҰБТ-да шығармашылық бағытты таңдағандар тек бір ЖОО-ға өтініш бере алады. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, егер шығармашылық бағытқа түсуді жоспарласаңыз, ҰБТ-да «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндерін тапсырасыз.

Шекті балл:

Қазақстан тарихы — кемінде 5 балл;
Оқу сауаттылығы — кемінде 3 балл.
Тестілеу уақыты — 70 минут.
— Ал шығармашылық емтиханды таңдаған ЖОО-да тапсырасыз. Оның форматы мен күнін университеттің қабылдау комиссиясынан нақтылауды ұмытпаңыз. Шығармашылық емтихан нәтижесімен грант конкурсына қатысатын талапкерлер тек бір ЖОО мен бір білім беру бағдарламасын таңдай алады, — делінген Ұлттық тестілеу орталығы таратқан ақпаратта.

Ал бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер шығармашылық бағытқа түсу үшін университетте шығармашылық емтихан тапсыра алады. Бірақ грант конкурсына құжат тапсырғанда бес пән бойынша ҰБТ нәтижесімен немесе шығармашылық бағыт бойынша қатысудың бірін таңдауы қажет.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив