453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Өскемендегі Республика алаңында ашық аспан астындағы концерттер өтеді

Өскемендегі Республика алаңында ашық аспан астындағы концерттер өтеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Республика алаңында төрт күнге жалғасатын облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары концерттік маусымның жабылуына арналған кештер өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

18 маусым күні сағат 20:00-де қала тұрғындары мен қонақтары Big Band джаз оркестрінің «Jazz ырғағындағы кеш» атты концертін тамашалай алады.

19 маусымда сағат 20:00-де Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі «Сырлы әуен» бағдарламасымен өнер көрсетеді.

20 маусым күні сағат 20:00-де ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі концерттік маусымын «SAN REMO-ның алтын хиттері» бағдарламасымен қорытындылайды.

Ал 21 маусымда сағат 20:00-де Alem Sazy вокалды-аспаптық ансамблі «Сұр түндегі жалғыз саксофон» атты концерт ұсынады.

Концерттер ашық аспан астында өтеді. Кіру тегін. Тұрғындар мен қала қонақтары музыкалық кештерді тамашалауға шақырылады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив