Тоқты
Жұлдыздар дәл қазір сүйіктіңізге сыйлық алып, көңілін табуға асықпауға шақырғанымен бұл іске достарыңыз көндіреді. Жан-жақтан келіп түскен құттықтаулар, қос ғашыққа бақыт тілеушілер санында шек болмайды.
Торпақ
Отбасылық ауызбіршілік пен жылы қарым-қатынасты сақтап қалғыңыз келсе демалыс күндері табиғат аясына шығып бойжазып қайтыңыз. Таза ауа мен көк майса шөптің иісі шығармашылық шабыт сыйлауы мүмкін.
Егіздер
Нақты жоспар бекіту кезінде мұқият болыңыз. Шаруаның шектен тыс көбеюі біршама шаршатуы мүмкін. Апта соңына қарай сақтық шараларын күшейтініз. Күтпеген жерден біреулер аяғыңыздан шалып, сіз туралы дегішпе әңгіме таратуы ғажап емес.
Шаян
Көптеген Шаяндар ұдайы еңбектеніп, өзін-өзі дамытып отыру керек. Қарбалас сәттерден әліңіз құрып, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Десе де ойда-жоқта жақын достарыңыздың тарапынан қаржылай қолдау көріп, жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік аласыз.
Арыстан
Апта ортасына қарай асқан ұқыптылық пен төзімділік танытыңыз. Қандай да бір дертке шалдықсаңыз ағзаңыз өзі күресіп, әл-қуатыңыз бірден қалыпқа келеді. Кәсіби тұрғыда мәнсап жолына өрлеуді мақсат етсеңіз, жолыңыз ашық.
Бикеш
Осы бастан денсаулығыңызға мұқият мән бергеніңіз жөн. Өзіңізге деген сенімсіздік, жайсыздық, әлсіздік белсенді ғұмырыңызды тежеуі мүмкін. Басыңыз ауырып, бет теріңіз бұзылып, сырт келбетіңізге сын көзбен қарайтындарды байқайсыз.
Таразы
Таразылар өткен күннің естеліктеріне саяхаттап қайтады. Себебі өткен өмірлерінде жарқын да бұлыңғыр сәттер аз болмаған. Ең дұрысы, осыған дейін көңіліне қаяу түсірген жандардан кешірім сұрауға асығыңыз.
Сарышаян
Қазіргі уақытта иммунитетіңіз әлсірегендіктен денсаулығыңызға жіті мән бергеніңіз жөн. Ішімдік пен түрлі зиянды заттардан іргеңізді аулақ салыңыз. Жастық шақта үлкен өмірге берік іргетас қалап, бойыңызға күш-қуат жинап алсаңыз сіз үшін алынбайтын қамал жоқ.
Мерген
Тек өз жүрегіңіздің лүпіліне ғана сеніңіз. Өн бойыңызды әлдеқандай мазасыздық билеп, денсаулығыңыз сыр берсе тез арада ақ халаттыларға барып көрінгеніңіз ләзім. Айналыңызға пиғылы теріс адамдардың топталуына мүмкіндік бермеңіз.
Тауешкі
Табанды әрі ауыр жұмыстан аз уақытқа демалыс алудың мүмкіндігі туындайды. Бір сәт тыныштықтың өзі емін-еркін тынығуға мүмкіндік береді. Сейсенбі, бейсенбі күндеріне маңызды кездесу немесе жиналыс ұйымдастырғаныңыз жөн.
Суқұйғыш
Бұған дейін бастығыңыз сізге толыққанды сенбей келсе, бұдан былай бәрі оңалады. Тасыңыз өрге домалап, бар назар сізге ауады. Тіпті сондай жоғары қарым-қабілетке ие екендігіңізге көз жеткізген соң өзіңіз де таң-тамаша боласыз.
Балықтар
Жұмысты қойып, жеке өміріңізге мән бере бастайсыз. Ешнәрсеге назар аудармай, достарыңызбен араласуды да азайтасыз. Көтеріңкі көңіл-күй шығармашылық тұрғыда шабыт сыйлап, жаңа идеялар туындайды.
Пікірлер