A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:50 0

ШҚО-да базарлар мен дәмханалар тексеріледі

Бүгін / ШҚО

8 маусымнан бастап «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шараның негізгі мақсаты – көші-қонды бақылауды күшейту, заңнама бұзған тұлғаларды анықтап, өңірдегі заңсыз миграция арналарының жолын кесу.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері транзиттік көші-қон ағындарын тексеріп, шетел азаматтарының қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға басымдық береді. Сонымен қатар қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету жұмыстары да жүргізіледі.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары облыс аумағындағы құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен дәмханаларды міндетті түрде тексермек.
Айта кету керек, жедел-профилактикалық іс-шара 12 маусымға дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив