«Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясындағы шараға 100-ден астам өнерпаз қатысып, өз өнерлерін паш етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Рүстембек Кемешевтің айтуынша, көрме мен арнайы концерттік бағдарлама ауданның жыл ішіндегі басты жетістіктерін көрсетуге бағытталған.
— Бүгін 100-ден астам өнерпаздың өнерін тамашалайсыздар. Көрмеде ауданымыздың қолөнері, Марқакөлден шыққан ақындар өлеңдері және жыл көлеміндегі жетістіктерімізді көрсеттік, — деді аудан әкімі.
Шараның өз деңгейінде өтуіне оқушылар да сүбелі үлес қосты.
— Бүгін Марқакөлдің өнерімен қатар, біздің көрмеміз де ұсынылды. Мұнда оқушылардың қолынан шыққан бұйымдар бар, — деді Шеңгелді клубының меңгерушісі Жұлдыз Баймұханбетова.
Шараның негізгі бөлігі аудан өнерпаздарының үлкен концерттік бағдарламасымен жалғасты. Көрермендер ұлттық дәстүрді, жергілікті таланттардың өнерін және Марқакөлдің шығармашылық әлеуетін тамашалады.
Мәдени кеш ауданның рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетін кеңінен танытты. Іс-шара туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтып, өңірдің өнері мен жетістігін қала тұрғындарына жақыннан таныстыруға мүмкіндік берді.
Пікірлер