A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 09:25 0

Өскеменде әйел адамды қағып кеткен жүргізушіге үкім шықты

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Қайғылы оқиға өткен жылдың 15 қыркүйегінде Назарбаев даңғылында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көлік жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Жол жүру қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша кінәлі деп танылды. 

Сот мәліметінше, Nissan Terrano маркалы көлігі сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүрген.

- Жаяу жүргінші жолдың сол жағынан оң жағына қарай өтіп бара жатқан. Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Тергеу барысында марқұмның үш баласы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылды. Олар моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арыздарын ұсынып, әрқайсысы 15–20 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен, - делінген сот ақпаратында. 

Сот процесі кезінде айыпталушы әйел бас бостандығынан айырмауды сұраса, марқұмның балалары барынша қатаң жаза тағайындауды талап еткен. Нәтижесінде сот көлік жүргізушісін 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және 5 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы үкім шығарды.

- Азаматтық талап-арыздар қабылданады. Айыпталушының материалдық жағдайы ескеріліп, әрбір жәбірленушінің пайдасына 3 миллион теңгеден өндіріп алу туралы шешім қабылданды, – делінген мәліметте.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият


Жұлдыз жорамал

{calendar}