Бұл туралы Өскемен қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры Арман Искаков мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғаның айтуынша, жыл соңына дейін облыс орталығына 34 жаңа көлік жеткізілмек. Осылайша, қозғалыс тұрағы 21 автобус, 13 шағын автобуспен толығады.
- Жылжымалы құрам жаңаруының арқасында қоғамдық көлік қозғалысы біршама тұрақталды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 54 пайызды құраса, бүгінде ол 90 пайызға жетті. Келешекте бұл көрсеткіш одан әрі артатын болады, - деді ол.
Алайда биыл жаңа трамвай сатып алу әзірге жоспарда жоқ екен. Бұл мәселе келесі жылы қолға алынбақ.
Пікірлер