Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 2024 жылы есірткі сатқаны үшін 3 әйел, 2025 жылы 7 әйел ұсталды. Ал осы жылдың басынан бері тағы 2 әйел анықталды.
Екі жыл ішінде әйелдердің қатысуымен тіркелген қылмыс саны екі есе артты.
Ұсталғандардың жасы да алаңдаушылық туғызып отыр. Олардың арасында жас қыздар да бар.
Айта кетейік, есірткі құралдарын тарату — ауыр қылмыс. Заң бойынша мұндай әрекет үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
Пікірлер