Дүйсенбі күні кешкісін Назарбаев даңғылындағы дүкендердің біріне мас күйдегі ер адам келіп, агрессивті мінез-құлық көрсеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сатушы дереу полиция қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына учаскелік, патрульдік полиция инспекторлары мен жедел әрекет ету жасағының мүшелері келді.
- Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда бұзақылық бойынша сай қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Пікірлер