A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 09:55 0

Күршім ауданында құсбегіліктен чемпионат өтті

Бүгін / Күршім / Спорт

Оған Өскемен қаласы мен Ұлан, Үлкен Нарын, Зайсан, Күршім аудандарының құсбегілері қатысты. Олар жарысқа 6 қаршыға, 21 бүркіт баптап әкелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған жарыс қазақ халқының көне дәстүрлерін жаңғыртуға және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға бағытталған. 

Бүркітшілер арасындағы тартысты бәсекеде Ұлан ауданының намысын қорғаған Нажитбан Горький жеңімпаз атанып, 1 орынды иеленді. 2 орын Зайсан қаласынан келген Ақынбек Төлепбергенге бұйырса, 3 орынды Нажитбан Айзере қанжығасына байлады. 

Ителгі салудан Өскемен қаласының өкілі Самғат Ердана 1 орынды иеленді. 2 орын Күршім ауданынан келген Жандыкеев Айдосқа бұйырса, 3 орынды Зайсан қаласынан келген Төлепберген Боранбай еншіледі. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив